Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Өңірлік экологиялық саммит аясында «Қазгидромет» РМК Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен және Орталық Азия елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерімен бірлесіп:
«Орталық Азиядағы ерте ескерту жүйесі: өңірлік ынтымақтастықтан тұрақты болашаққа» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырды.
Сессия климаттық және гидрометеорологиялық қауіп-қатерлер туралы ерте ескерту жүйелерін дамыту және нығайту мәселелеріне, сондай-ақ өңір елдерінің гидрометеорологиялық қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге арналды.
Бүгінде Орталық Азия өңірі климаттың өзгеру салдарларымен — құрғақшылық, су тасқындары, температураның көтерілуі және жауын-шашын режимінің тұрақсыздығымен жиі бетпе-бет келуде. Осындай жағдайда елдердің келісілген әрекеті мен қауіпті құбылыстарға жедел әрекет ету үшін ақпаратпен уақытылы алмасуы ерекше маңызды.
Сессия барысында БҰҰ-ның Early Warnings for All (EW4All) бастамасына ерекше назар аударылды. Бұл бастама әрбір адамды ерте ескерту жүйелерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қатысушылар EW4All бастамасының негізгі бағыттарын талқылады:
— қауіп-қатерлерді бағалау және түсіну;
— мониторинг, бақылау және болжау;
— ескертулерді уақытылы тарату;
— төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің бұл жүйедегі рөлі ерекше екені атап өтілді. Олар бақылау жүргізіп, болжамдар жасап, ресми ескертулер шығарып, төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара әрекеттеседі.
Сессияның басты мақсаты — Орталық Азияда ерте ескерту жүйесін дамыту бойынша ортақ тәсілдер мен өңірлік басымдықтарды айқындау, сондай-ақ елдер арасындағы ынтымақтастық пен деректер алмасуды күшейту.
Талқылау барысында климаттық тәуекелдерді азайтудағы ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің рөлі, өңірдің үздік тәжірибелері, пилоттық жобаларды дамыту, әріптестік және қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі басым бағыттар қарастырылды.
Сонымен қатар деректерді интеграциялау, цифрлық шешімдерді енгізу, халықаралық жобалар аяқталғаннан кейін жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді қолдаудың қажеттілігі сияқты негізгі сын-қатерлер талқыланды.
Сессия қорытындысы бойынша тараптар өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және Орталық Азиядағы халықты қорғауға әрі климаттық қауіптердің салдарын азайтуға бағытталған бірыңғай, тұрақты ерте ескерту жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтті.