Қазгидромет мамыр айына құрғақшылық болжамын шығарды

IconЖарияланды 24.04.2026

Алдын ала есептеулер бойынша 2026 жылдың мамырында қалыптасқан метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, Ақтөбе облысының Шалқар ауданында және Жамбыл облысының Қордай ауданында бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары күтіледі.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары норма шамасында болады деп күтілуде. 
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған. 
Алдын ала болжам қажет болған жағдайда нақтыланатын болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз