Каспий теңізі деңгейінің 2020 жылғы 03-08 қыркүйекке арналған болжамы

IconЖарияланды 04.09.2020

Каспий теңізі — экономика мен кеме қатынасы үшін өте маңызды су қоймасы. Каспий теңізіндегі су деңгейі тұрақсыз, бірақ оның төмендеу үрдісі бар. Каспий теңізіндегі су әр 250 жыл сайын толығымен жаңартылып отырады.

«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейдің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,73 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,66 м дейін төмендеп, минус 28,15 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.

Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,80 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,56 м дейін төмендеп, минус 28,18 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.

2020 жылғы 27 тамыз - 01 қыркүйек аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді.

Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 31 тамыздағы  ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.

Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның  https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.  

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз