2026 жылғы 30 мамыр - 01 маусым аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 29.05.2026

Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасы батыста +20…+25°С-қа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +23…+38°С-қа дейін, ал оңтүстікте +30…+40°С-қа дейін жоғарылайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз