Бүгін көгілдір аспан үшін Халықаралық таза ауа күні. БҰҰ-ның халықаралық және дүниежүзілік күндері жүйесінде 7 қыркүйекте атап өтіледі. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2019 жылы құрған. Көгілдір аспан үшін Халықаралық таза ауа күні қоғамның назарын тек адамдардың денсаулығына ғана емес, планетаның климатына да әсер ететін ауаның ластану проблемасына аудару үшін жасалды.
Қазақстанда «Қазгидромет» РМК атмосфералық ауа сапасын қоса алғанда, қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингінің ұлттық операторы болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның атмосфералық ауа сапасының мониторингі 45 елді мекенде 140 бақылау бекетінде және 15 жылжымалы зертхананың көмегімен жүргізіледі. Ауа сапасының 36 көрсеткішіне дейін анықталады.
Халықтың экологиялық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Қазгидромет» РМК AirKz мобильді қосымшасы мен Интерактивті картаны (maps.hydromet.kz) іске қосты, олар он-лайн режимде атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты тек қалалар бойынша ғана емес, елді мекендердің әрбір бекеті бойынша алуға мүмкіндік береді. Ақпарат сағат сайын жаңартылады.
Бұдан басқа, «Қазгидромет» РМК жүргізілетін мониторингті жақсарту мақсатында қоғамдық ұйымдармен және экобелсенділермен белсенді ынтымақтастық жүрігізеді. Мысалы, «Экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ, «Экологтар қауымдастығы» ЗТБ және басқалар.
«Қазгидромет» РМК жобаларының ішінен Фин метеорологиялық институтымен бірлесе отырып, ауа сапасының РМ2,5, РМ10, озон, күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртек оксиді негізгі параметрлерін 48 сағатқа болжай отырып, SILAM атмосфералық ауа сапасын болжаудың мезомасштабты моделін бейімдеуді жүргізеді. Атмосфера сапасының халықаралық индексі (AQI) негізінде атмосфералық ауаның сапасын бағалауға көшуге дайындық жүргізілуде.