ВС-43 Салмақтық қар өлшеуіш құралы қар жамылғысының тығыздығын анықтауға арналған. Қардың тығыздығы мен биіктігін біле отырып, қар жамылғысындағы ылғал қорының көлемін анықтайды.
Қар өлшеуіш биіктігі 60 см металл цилиндрден, кұрекше мен таразыдан тұрады. Цилиндрдің бір ұшында кескіш тістері бар сақина орналасқан, ал екінші ұшы қақпақпен жабылады. Кесілетін қар бағанының биіктігін өлшеу үшін цилиндрдің сыртқы жағынан сантиметрлік шкаласы қолданылады; шкаланың нөлі сақинаның төменгі бөлігімен сәйкес келеді. Цилиндр бойымен еркін қозғалатын тұтқасы бар сақина цилиндрді таразыға іліп қоюға қызмет етеді. Таразыларды теңестіру үшін салмақ сызғышында қозғалатын жүк қолданылады.
Ландшафт элементтеріндегі қар жамылғысының негізгі сипаттамаларын анықтау жергілікті жерде таңдалған және бекітілген қар өлшейтін маршруттарда жүргізіледі. Ұзындығы 2 км маршрутта мамандар әрбір 20 метр сайын жылжымалы рейканың көмегімен қар жамылғысының биіктігін өлшейді, ал әрбір 200 метр сайын қар өлшегішпен оның тығыздығын анықтау үшін қар сынамасын алады. Ылғал қорын есептеу, сонымен қатар топырақтан қар жамылғысына дейінгі қабаттағы барлық ылғалды қамтиды. Ол үшін сынама алу орнында еріген су қабатының және сумен қаныққан қар қабатының қалыңдығы, топырақтағы мұз қабығының қалыңдығы өлшенеді, сондай-ақ қар жамылғысындағы топырақтың жағдайы бағаланады.