«Қазгидромет» РМК ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің 37-сессиясына қатысты

IconЖарияланды 09.09.2026

9–11 қыркүйек күндері Бішкек қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің 37-сессиясы өтуде.

Сессия жұмысына «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Қизатқызы Алимбаева қатысуда. Іс-шара аясында ол «Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің қызметі, олардың ТМД және ДМҰ аясындағы өзара іс-қимылы туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде Бас директор «Қазгидромет» РМК-ның Қазақстан Республикасының ұлттық гидрометеорологиялық қызметі ретіндегі қызметі, негізгі жұмыс бағыттары, сондай-ақ ТМД елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерімен және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыстар туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК мамандары ғылыми бағыттардағы жұмыстарын және гидрометеорология саласында заманауи технологияларды дамыту тәжірибесін таныстырды. «Қазгидрометтің тәжірибесі және Орталық Азияның ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері арасындағы ынтымақтастық перспективалары. Ауа райын сандық болжау модельдері: қолдану және жасанды интеллект арқылы постөңдеу» тақырыбы ұсынылды.

Бұдан бөлек, сессия барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қызметін дамытудың Стратегиясын іске асыру және ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің 2025–2026 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерінің басым бағыттарын орындау мәселелері қаралды.

Сессияға қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ гидрометеорология саласына заманауи ғылыми және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз