ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Алматыдағы Қазгидромет филиалына барды

IconЖарияланды 05.10.2026

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлибек Қуантыров «Қазгидромет» РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалына барды.

Сапар барысында министр филиалдың қызметімен, негізгі жұмыс бағыттарымен және өңірдегі гидрометеорологиялық мониторингті ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.

Филиалдың зертханасының жұмысына ерекше назар аударылды. Әлибек Қуантыров жүргізіліп жатқан зерттеулермен, атмосфералық ауа мен қоршаған ортаның сапасын бақылау жұмыстарының барысымен, сондай-ақ пайдаланылатын құрал-жабдықтармен танысты.

Филиал синоптиктері министрге күнделікті жұмысының ерекшеліктері, ауа райы болжамдарын және қауіпті әрі қолайсыз метеорологиялық құбылыстар туралы ескертулерді дайындау барысы туралы айтып берді. Мамандар болжамдарды әзірлеудің негізгі кезеңдерін көрсетіп, Алматы қаласы мен Алматы облысын метеорологиялық қамтамасыз етудің ерекшеліктеріне тоқталды.

Филиалға бару барысында министр өңірдегі бақылау жұмыстарын жүргізіп, алынған деректерді талдап, гидрометеорологиялық ақпарат дайындайтын Қазгидромет мамандарының күнделікті қызметімен тікелей танысты.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз