Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Екатеринбург қаласында Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының XVI отырысы, сондай-ақ тасқын және су тасқыны кезеңдерін өткізу кезіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының 6-отырысы өтті.
Отырыс жұмысына «Қазгидромет» РМК Бас директорының бірінші орынбасары Асет Қалиев қатысты.
Кездесу барысында трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау мәселелері, көктемгі су тасқыны кезеңінің қорытындылары, су қоймаларының толтырылуы, сондай-ақ халық пен экономика салаларын су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік су ресурстары мониторингінің трансшекаралық өзендер бойынша нәтижелеріне және су қорғау іс-шараларын жүргізуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар Жайық пен Ертіс өзендерін қоса алғанда, ірі өзендер бассейндеріне бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ Қараөзен мен Сарыөзен бойынша су шаруашылығы теңгерімін әзірлеу мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, отырыста тасқын және су тасқыны кезеңдерінен өту барысында одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралып, 2027 жылға арналған бірлескен жұмыс топтарының құрамы мен жұмыс жоспарлары бекітілді.
Қазгидрометтің комиссия жұмысына қатысуы гидрометеорологиялық ақпарат алмасуды одан әрі дамытуға және трансшекаралық өзендердің мониторингі мен су ресурстарын басқару мәселелері бойынша екі ел арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.