Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Бүгін Маңғыстау облысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы және оны сақтауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі диалог өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров және «Қазгидромет» РМК қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Жапония Үкіметінің қаржылай қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырып жатқан «Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі жағдайындағы тұрақтылықты арттыру» жобасы таныстырылды.
Қатысушылар Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, климаттың өзгеруі, теңіз ортасының ластануы және биоалуантүрліліктің азаюы мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, болып жатқан өзгерістерді бағалау және жағалау аумақтарын дамыту кезінде ғылыми деректер мен цифрлық технологияларды пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
«Қазгидромет» Каспий теңізінің гидрометеорологиялық және экологиялық жағдайына мониторинг жүргізіп, ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға қажетті деректерді жинау және талдау бағытында өз үлесін қосып келеді.
Диалог барысында Каспий теңізін сақтау мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың және азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерін талап ететіні атап өтілді.