Экология және табиғи ресурстар министрі Маңғыстау облысындағы «Қазгидромет» филиалына барды

IconЖарияланды 06.10.2026

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Қазгидромет» РМК-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалына барды.

Сапар барысында Министр филиалдың қызметімен, гидрометеорологиялық бақылаулардың ұйымдастырылуымен және өңір мамандарының негізгі жұмыс бағыттарымен танысты.

Кездесу барысында гидрометеорологиялық қызметті дамыту, метеорологиялық бақылауларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ өңірді өзекті әрі нақты гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Ауа райы жағдайларына мониторинг жүргізу және өңірлік бақылау желісінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр филиалдың атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, халық пен мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде гидрометеорологиялық бақылауларды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз