Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылы «Ырғыз» метеорологиялық станциясында ауа райын бақылау жұмыстарының басталғанына 170 жыл толып отыр. Станцияның тарихы 1856 жылы Орал бекінісінде басталған. 1870 жылдан бастап ол «Иргиз» метеорологиялық станциясы деп атала бастады.
Бір жарым ғасырдан астам уақыт ішінде станция үлкен жолдан өтті: орналасқан жері өзгеріп, бақылау әдістері жетілдіріліп, құрал-жабдықтары жаңартылды. Тарихтың жекелеген кезеңдерінде жұмысында үзілістер болғанымен, метеорологиялық бақылаулар 1922 жылғы 3 тамызда қайта жанданып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Станция Ақтөбе облысындағы Ырғыз елді мекенінде, Ырғыз өзенінің аңғарында, шөлейтті ландшафт басым аумақта орналасқан. Өңірдің табиғи ерекшеліктері ауа райын тұрақты бақылаудың және осы аумақтың климаттық жағдайларын зерттеудің маңыздылығын арттырады.
170 жылдық мерейтойға орай станцияның барлық қызметкерлеріне адал еңбегі, кәсібіне деген көпжылдық беріктігі, жауапкершілігі және Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Мамандардың кәсібилігі мен күнделікті еңбегінің арқасында ұрпақтар сабақтастығы сақталып, ауа райын бақылау жөніндегі маңызды жұмыс жалғасын табуда.
Бүгінде «Ырғыз» метеорологиялық станциясы ауа райына тұрақты бақылау жүргізуді жалғастырып келеді. Жиналған деректер метеорологиялық көрсеткіштердің өзгерістерін қадағалауға және өңірдің климатын зерттеуге қажетті көпжылдық бақылау қатарларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.