«Қазгидромет» РМК қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі туралы халықты ақпаратпен қамту жұмысын үздіксіз жетілдіруде.
Фин метеорологиялық институтының қолдауымен Қазгидромет 14 қыркүйектен бастап SILAM (System for Integrated modeLling of Atmospheric coMposition) моделі негізінде атмосфералық ауа сапасының болжамдық моделін іске қосты. Соның нәтижесінде
атмосфералық ауаның сапасының Интерактивті картасы әрбір бақылау бекеті бойынша алдын ала 24 және 48 сағат ластаушы заттардың болжамды шоғырлануымен толықты.
Қазіргі деректер maps.hydromet.kz. сілтемесі бойынша қолжетімді.
Алдағы жоспар– халыққа және мемлекеттік органдарға ортақ ақпарат үшін AirKZ мобильді қосымшасына SILAM моделін болжауды енгізу.