Жыл сайын 2003 жылдан бастап 18 қыркүйекте Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні (World Water Monitoring Day) атап өтіледі. Бұл күні өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін бағалау үшін су айдындарынан су сынамалары алынады.
Біздің елімізде су объектілеріне мониторингті "Қазгидромет"РМК жүргізеді. Жер үсті және теңіз суларының сапалық жай-күйінің мониторингі 143 су объектісінде орналасқан 424 тұстамада, оның ішінде 93 өзенде, 31 көлде, 15 су қоймасында, 3 арнада және 1 теңізде жүзеге асырылады. Жалпы республика бойынша бақылаулар САПАНЫҢ 60 көрсеткіші бойынша жүргізіледі, олар: қалқыма заттар, түстілік, ерітілген оттегі, сутегі көрсеткіші, магний, кальций, хлоридтер, сульфаттар, биогенді және органикалық заттар, ауыр металдар, пестицидтер және т. б.
Барлық талдауларды ИСО МЭК 17025 халықаралық стандартына сәйкестікке аккредиттелген "Қазгидромет" РМК зертханалары жүргізеді.
Халықтың Қазақстанның қоршаған ортасының жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның жерүсті суларының сапасы бойынша интерактивті карта әзірленді http://apps.kazhydromet.kz:3838/app_dem_water_visual/, онда Қазақстанның су объектілерінің әрбір жармасы қандай сапа класына жататынын және қандай көрсеткіштер бойынша нормативтерден асып кететіні байқалатынын білуге болады.