«Қазгидромет» РМК «Біздің мамандар» атты жаңа айдар ашады, онда Қазақстанның Гидрометеорологиялық қызметінің жұмыскерлері туралы айтып береміз. Бүгін біздің айдарымыздың кейіпкері Заркенова Гүлмира Нәжіпқызы.
Гүлмира Нәжіпқызы 1965 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетін «Химия» мамандығы бойынша аяқтады. 2007 жылы өзінің еңбек жолын «Қазгидромет» РМК-да жерүсті сулары тобының инженер-химигі лауазымында бастады. 2009 жылы оған 2-санат, ал 2011 жылы бірінші санатты инженер-химигі берілді. «Қазгидромет» РМК аймақтық филиалында жұмыс істеу кезеңінде өзін жауапты және сенімді қызметкер ретінде көрсетті. 2017 жылдан бастап Гүлмира Нәжіпқызы «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның ластану жай-күйін бақылайтын кешенді зертхананың жетекші инженер-химигі болып жұмыс істейді. Ұжымда құрметке ие, тапсырмаларды жауапкершілікпен және сапалы орындайды, жас қызметкерлермен тәжірибесімен бөліседі және өзінің кәсіби дағдыларын жетілдіреді.