Өлшеуіш ашық табиғи және жасанды арналардағы (өзендер, арналар) су ағынының жылдамдығын өлшеуге арналған.
Өлшеуіштің жұмыс принципі су ағынының жылдамдығынан зырылдауықтың қалақты бұрандасының айналу жиілігінің пропорционалды тәуелділігіне негізделген. Қалақты бұранданың әрбір айналымында зырылдауық корпусында орналасқан магнитті басқарылатын түйіспенің көмегімен ИСО-1 кірісінде тұрақты токтың электр тізбегі тұйықталады.
Өлшеуіште кіріске келіп түсетін импульстерді түрлендіретін кіріс блогы және құрылғының жұмысын басқаратын микроконтроллер бар.
Өлшеу нәтижелері құрылғының дисплейінде көрсетіледі, одан басқа, құрылғыда гидрометриялық зырылдауықтан кіріс импульстарының болуын көрсететін жарық индикациясы бар.
Техникалық сипаттамалары:
Су ағынының жылдамдығын өлшеу диапазоны, м/с:
- диаметрі 120 мм (миллиметр) зырылдауықтың қалақты бұрандасы: 0,04-тен 5,0-ге дейін;
- диаметрі 70 мм зырылдауықтың қалақты бұрандасы: 0,1-ден 5,0-ге дейін;
Зырылдауықты гидрометриялық жұмыстарды жүргізуге дайындау келесі реттілікпен орындалады. Қаптаманы ашып, одан жүріс бөлігі мен қалақты бұрандасы бар зырылдауық корпусы шығарылады. Жүріс бөлігінің бөлшектерінен қоюланған май алып тасталады. Жүріс бөлігінің бөлшектері керосинмен мұқият жуылады, шарикті мойынтіректердің айналу жеңілдігі тексеріледі, қалақты бұранданың қуысына май құйылады.
Тікелей жұмыстан кейін зырылдауықты және оның керек-жарақтарын құрғақ шүберекпен сүртіп, содан кейін ғана жәшігіне салу керек.