Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметі жан-жақты талдау жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ ДМҰ (Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым) ұсынымдарын ескере отырып, дәстүрлі метеостанциялар желісін тіректік (бақылау желісінің негізін құрайтын) және автоматтандырылған желілерге бөлу туралы шешім қабылдады.
Бұл бөлу бақылау желісін оңтайлы құру, жұмыс істеу және техникалық жабдықтау үшін жасалады. Осылайша, 256 дәстүрлі метеостанциялардың 228-і тірек санатына, 28-і автоматтандырылған санатқа кірді. Сондай-ақ кәсіпорынның ішкі резервтері есебінен 2021 жылы қосымша тағы 10 автоматтандырылған станция ашылатын болады.
Жаңа станциялар бұрын бақылау жүргізілмеген орындарда ашылады. Сондықтан қамту желісін ұлғайту бұрын «Қазгидромет» РМК метеорологиялық мониторингіне кірмеген аудандардың көп санын қамтитын болады. Бұл желінің тығыздығын арттырады, болжамдардың дәлдігін және оларды құрастыру жылдамдығын жақсартады.