Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан тұрғындары атмосфералық ауаның нақты ластануын көріп қана қоймай, әр бақылау бекеті бойынша бір тәулікке және 48 сағатқа ластаушы заттардың шоғырлануы бойынша алдын ала болжамдарды біле алады. Атмосфералық ауаның ластануына қатысты болжам жылыту маусымы қарсаңында және жалпы жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін өзекті.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Фин метеорологиялық институтының қолдауымен «Қазгидромет» РМК SILAM (SystemforIntegratedmodeLlingofAtmosphericcoMposition) моделі негізінде атмосфералық ауа сапасының болжамдық моделін іске қосты.
«Қазгидромет» РМК бір жыл бұрын атмосфералық ауа сапасының мониторингі бойынша интерактивті картаны іске қосты, онда еліміздің 45 елді мекені бойынша 140 экологиялық бекеттен түсетін ақпарат көрсетілген. Карта атмосфералық ауаның нақты жай-күйін: шаң, ластаушы заттардың концентрациясы, ауаның ластану дәрежесі, ал енді екі тәулікке дейін ластану болжамын көрсетеді.
Қазіргі уақытта нақты және болжамды деректер maps.hydromet.kz сілтемесі бойынша қолжетімді. Жақын арада болжамды деректер AirKz мобильді қосымшасында қолжетімді болады.