Facebook Alexandr Belyi әлеуметтік желі пайдаланушысының Нұр-Сұлтан қаласындағы тұншықтырғыш түтін туралы және AirKz мобильді қосымшасында деректердің жоқтығы туралы хабарламасына, егер мобильді қосымшаны ұзақ уақыт пайдаланбаған жағдайда, қосымша өзектендірілгенше және соңғы келіп түскен деректер жүктелгенше бірнеше минут күту қажет екенін хабарлаймыз.
Бірінші скриншотта № 10 бақылау бекеті бойынша деректер көрсетілген, екінші скриншотта AirKz мобильді қосымшасы үзіліссіз жұмыс істейтіні көрсетілген.
Тұншықтырғыш түтінге қатысты, 2020 жылғы 27 қыкүйекте сағат 19:00-ден бастап ауа райының антициллоналды түрі байқалады (белгілі бір жел жүйесімен атмосфералық қысымы төмен аймақ), түнгі уақытта температураның төмендеуі Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке сектордың жылытуды күшейтуіне әкелді.
2020 жылғы 27 қыркүйек - 02 қазан аралығында шекті рұқсат етілген шоғырланудың асып кетуі бірнеше рет тіркелді:
Күкіртсутегі бойынша жоғары ластану 10 ШРШ жоғары 2020 жылғы 1 қазанда № 8 бекетте (Көктал-1) байқалғанын атап өтеміз.
Негізінен, атмосфералық ауаның ластануы №10 ЛББ (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ауданы), №6 ЛББ (Ақжол к-сі.), №8 ЛББ (Көктал-1 ш. а.), №9 ЛББ (№72 мектеп-лицейінің ауданы) байқалды.