Каспий теңізі суының ауданы мен көлемі су деңгейінің ауытқуына байланысты айтарлықтай өзгереді. Су деңгейі - 28,0 м болған кезде, ауданы шамамен 376 000 шаршы километрді, су көлемі – 78 100 текше километрді құрайды.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,67 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,62 м төмендеп, минус 28,11 м шамасында болады деп күтілуде. Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,90 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,61 м дейін төмендеп, минус 28,24 м шамасында болады деп күтіледі. 2020 жылғы 24-29 қыркүйек аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 28 қыркүйектегі ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.