«Қазгидромет» РМК Ақтөбе қаласының тұрғындарын, AirKZ мобильді қосымшасын пайдаланушыларды Ақтөбе қаласының № 2 (мекенжайы – Рысқұлов көшесі, 4), № 3 (мекенжайы - Есет батыр көшесі, 109) бекеттерінде күкіртті сутек, азот диоксиді мәндерінің болмау себебі туралы хабардар етеді.
Атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың көрсетілген бекеттерінде тексеру және сервистік жұмыстарды жүргізу мерзімдерінің басталуына байланысты қазіргі уақытта азот диоксиді, күкіртті сутек бойынша деректер қолжетімсіз. Аталған бекеттер бойынша жұмыстарды жақын арада аяқтау жоспарланып отыр.
Сервистік жұмыстарды жүргізу кезінде атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу және талдау жылжымалы зертхананың көмегімен жүргізіледі.
Бақылау нәтижелері бойынша 2020 жылғы 28 қыркүйектен 07 қазанға дейін ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырланудың мынадай асып кетуі тіркелді:
- РМ-2,5 өлшенген бөлшектер (1,18 ШРШ дейін);
- көміртегі тотығы (1,1 ШРШ дейін);
- азот диоксиді (7,45 ШРШ дейін);
- азот оксиді (2,28 ШРШ дейін);
- күкіртті сутек (8,23 ШРШ дейін).
2020 жылғы 8 қазаннан бастап автоматты газ талдағыштардың сервистік жұмыстары аяқталғанға дейін «Қазгидромет» РМК жылжымалы зертхананың көмегімен жүргізілген өлшеулердің нәтижелері туралы ақпаратты ресми сайта және әлеуметтік желілер беттерінде күнсайын жариялайтын болады.