Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақбұлақ өзенінің ластанғаны туралы әлеуметтік желілердегі ақпараттарға байланысты 2020 жылғы 13 қазанда «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экологиялық мониторинг департаменті Қоршаған орта ластануының мониторинг зертханасының қызметкерлері келесі нүктелерде жоспардан тыс су сынамаларын алды:
1-нүкте: құрылыс алаңынан 0,5 км жоғары, теміржол көпірінің жанында;
2-нүкте: қала тұрғындары түсірген орын (құрылыс алаңына қарама-қарсы);
3-нүкте: құрылыс алаңынан 0,5 км төмен, автомобиль көпірінің астында, А.Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылының қиылысы;
Жер үсті суларының сапасын талдау 42 физикалық-химиялық көрсеткіштер: басты иондарды, биогенді, органикалық және бейорганикалық заттар, ауыр металдар бойынша жүргізіледі. Шекті рұқсат етілген нормадан асып кету оттегін, аммоний ионын, тұздылықты, кальций мен хлоридтерді химиялық тұтыну кезінде тіркелді. Бұл су қоймасының органикалық заттармен және суға тән қоспалармен ластануын көрсетеді.
Ақпарат Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді.
Қазіргі уақытта 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық тұтыну бойынша талдау жүргізу жалғасуда, нәтижелер қосымша ұсынылады.