Каспий теңізінде барлығы 50-ге жуық ірі және орташа аралдар бар, олардың жалпы ауданы шамамен 350 км2. Теңіздің қазақстандық бөлігінде Үлкен Пешной аралдары - алты арал бар, олардың едәуір бөлігі Песчаный және Камынин. Олар Атырау облысында орналасқан. Печный аралдары немесе Пешной аралдары Каспий теңізі деңгейінің тарихи ауытқуының дәлелі бола алады. Бұл аралдарда «Қазгидромет» РМК теңіз станциялары мен бекеттері орналасқан.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,71 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,40 м төмендеп, минус 28,00 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,08 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,70 м дейін төмендеп, минус 28,28 м шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 08-14 қазан аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 12 қазандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.