Қазақстанда ауа-райын бақылау ғасырдан астам уақыттан бері жүргізіліп келеді және бүгінгі таңда Павлодар облысында ғасырдан астам жұмыс істеп келе жатқан осындай бірнеше станция бар.

IconЖарияланды 10.11.2020

1907 жылдың қазан айында Павлодар облысының Михайловка кентінде қоныс аудару басқармасы метеорологиялық бақылау ұйымдастырды. Станцияның бастапқы «Исын-Көл» атауы 1907 жылы берілді. Өкінішке қарай, станция неге дәл осындай атау алғандығы белгісіз. Дегенмен 1910 жылы өзі орналасқан құрметіне Михайловка метеостанциясы (бұдан әрі – Михайловка МС) болып өзгертілді.
Михайловка МС-ның орналасу орны 1916 жылы және 1958 жылдың қыркүйегінде екі рет ауыстырылды.
Бүгінгі таңда метеорологиялық алаң Михайловка кентінің солтүстік шетінде тегіс, ашық жерде орналасқан. Қолданыстағы классификацияға сәйкес станция II санатты бағдарлама  бойынша жұмыс істейді.
Михаловка МС-да алғақшы күннен бастап-ақ метеорологиялық және агрометеорологиялық бақылаулар жүргізілді. МС-дағы ауа-райын бақылау тіпті соғыс жылдарында да тоқтаған жоқ. Осы кезеңде бақылау жүргізуге арналған бланкілердің болмауына байланысты оларды газеттерге салуға тур келді. Сөйтіп сол жерде ауа-райы туралы жазбалар жасалды.
Кеңес заманында метеорологиялық және агрометеорологиялық бақылаулардың мәліметтерін көптеген ұйымдар пайдаланды. Атап айтқанда олар - Мирный совхозының агробөлімі, сорт сынау учаскесі, автобаза, жергілікті әуежай және  Ресейдің әскери аэродромдары.  Метеостанция Купино, Славгород және Новосибирскін ауа-райы туралы ақпаратпен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта мәліметтер «Қазгидромет» орталық аппаратына және Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарына үздіксіз жіберіледі.
«Қазгидрометте» өлшеу құралдары мен технологиялардың жаңаруы үздіксіз жүріп жатыр десек, бұл үрдіс 2005 жылы Михайловкаға да жетті. Атап айтқанда, МС бақылаушы техникалары арнайы бағдарламалық жасақтама мен заманауи компьютерлік техниканың көмегімен деректер ақпаратын өңдеуге және беруге көшті, ал 2011 жылы МС аумағында заманауи автоматты метеорологиялық станция орнатылды.
Михайловка метеостанциясы – бұл халықаралық алмасудың метеорологиялық желісіне кіретін ғасырлық бақылау тарихы бар реперлік Климаттық станция.
 
#100летКазгидромет

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз