Қазақстан территориясының ауа райын Салехард аймағынан келетін ауқымды циклон анықтайтын болады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.