Ауа райы болжамы – бұл қиын және өте жауапты міндет, сондықтан ауа райы болжамын тек бір елдің аумағы бойынша метеорологиялық бақылауларды пайдалана отырып жасау мүмкін емес – ауа райында шек жоқ. Ауа райын болжау үшін бұлттылықтың спутниктік суреттерін талдау, сандық гидродинамикалық модельдерді пайдалану қажет, бірақ ең бастысы – ауа райын болжайтын адам және оның тәжірибесі, яғни «синоптик». Синоптик өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, деректердің барлық түрлерін талдайды, тексереді, қысқа және ұзақ кезеңдерге ауа райын болжайды.
Ең бастысы, бір синоптик жақсы, ал екі немесе бірнешеуі одан да жақсы, осы мақсатпен жыл сайын «Ресейдің Гидрометеорологиялық орталығы» өз алаңында алдағы қыста ауа температурасы мен жауын-шашынның консенсустық болжамын жасау үшін мамандарды біріктіріп, ТМД елдерінің Гидрометқызмет Форумын өткізеді.
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, ауа райы өзгеріп тұрады, 2020/2021ж. қыс түседі, сол себепті оған дұрыс дайындалу қажет, бірақ ол үшін барынша дұрыс болжам жасау керек.
Осы мақсатта «Қазгидромет» РМК мамандары 2020 жылғы 17-18 қараша аралығында онлайн режимінде Форумның кезекті 19-шы сессиясына қатысады, климаттың өзгеруін болжау және мониторингтің өзекті проблемаларын талқылайды.
Осындай өте маңызды және қызықты жұмысты назарға ала отырып, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым, Неміс ауа райы қызметі, Норвегиялық метеорологиялық қызмет, А.И. Воейкова атындағы Бас Геофизикалық Обсерватория, Арктика және Антарктика ғылыми-зерттеу институты, РҒА Есептеу математика институты, Орталық Аэрологиялық Обсерватория сияқты беделді ұйымдардың көмегін атап өткен жөн.