Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (ОАӨЭО) 2020 жылғы 23 қарашадан 17 желтоқсанға дейінгі кезеңде «Гидрометеорологиялық деректерді басқару және гидрологиялық модельдеу» және «Су қоймалары бар өзен бассейнінің су ресурстарын модельдеу» тақырыптары бойынша екі оқыту семинарын өткізеді.
Модель Deltares зерттеу институтында (Нидерланды) әзірленген және резервуарларды гидрологиялық болжауға және ГЭС әлеуетін бағалауға арналған озық халықаралық құралдардың бірі болып табылады.
Оқыту семинарлары «Арал теңізі бассейнінде климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жұмсарту жөніндегі бағдарлама» (CAMP4ASB) жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқыту семинарлары онлайн режимінде өткізіледі. Семинарға Қазгидромет РМК мамандары қатысады, олар гидрометеорологиялық деректерді басқарумен және гидрологиялық модельдеумен айналысады, олардың электрондық пошталары көрсетіледі.
Семинарға Орталық Азия елдерінің барлық мүдделі құрылымдарының өкілдері қатысуда.