«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізі жыл сайын тек солтүстік бөлігінде (Қазақстан бөлігінде) қатып қалады. Мұздың қалыңдығы 25-30-дан 60 см-ге дейін ауытқиды. Орта және Оңтүстік Каспийдің терең сулы аудандары әрқашан мұздан бос болады. Пешная метеостанциясы ауданында осы аптада толық мұз қату болды, мұздың қалыңдығы 10 см құрайды, деңгейі қауіпті белгіден төмен түсті!
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,89 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 29,06 м төмендеп, минус 28,28 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,88 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,82 м дейін төмендеп, минус 28,27 м шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 26 қараша-02 желтоқсан аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 01 желтоқсандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.