Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг станциялары 2020 жылғы 6-7 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауадағы ластаушы заттардың шекті-рұқсат етілген шоғырланудан (ШРШ) асып кету жағдайларын тіркеді. , ШРШ «асып кетуі» 6 желтоқсан сағат 19.00-ден бастап тіркелді:
1) РМ-2,5 өлшенген бөлшектер бойынша: 5,2 ШРШ-ға дейін асып кетудің 246 жағдайы;
2) РМ-10 өлшенген бөлшектер бойынша: 2,2 ШРШ-ға дейін асып кетудің 161 жағдайы;
3) Көміртегі оксиді: 1,8 ШРШ-ға дейін асып кетудің 55 жағдайы;
4) Күкіртсутегі: 2,5 ШРШ-ға дейін асып кетудің 55 жағдайы;
5) Күкірт диоксиді: 1,1 ШРШ-ға дейін асып кетудің 3 жағдайы
6) Азот оксиді: 1,2 ШРШ деңгейінде асып кетудің 1 жағдайы.
Атмосфералық ауаның ластануы барлық бақылау бекеттері бойынша байқалды. Ең жоғары ластану Көктал-1 аудандарында, Тұран даңғылы мен Түркістан көшесінде тіркелді.
Синоптикалық жағдайлар бойынша 2020 жылғы 07 желтоқсанда елорданың ауа райына антициклон әсер етеді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, 24-28ºС-қа дейін бірқалыпты аяз болып, тұман байқалады. Мұндай ауа райы жағдайлары жоғары қысым аймағына тән – жел тұрмайды, ауа салқын болады, аздаған бұлт торлайды. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында ауа массаларының араласпауы тұманның пайда болуына әсер етеді.
2020 жылғы 06 желтоқсан күні 13 сағат 55 минутта 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда кей уақыттарда тұман күтілетіні туралы дауылды ескерту шығарған болатын.
Мұндай метеорологиялық жағдайлар (аяз – 25 градус және желсіз ауа райы) қаланың жеке секторын жылытудан шығатын ластаушы заттардың ауада жиналуына ықпал етті. Нәтижесінде қалың түтін пайда болды.