Кәсіби шеберлігі үшін лайықты награда

IconЖарияланды 15.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының Қарақаба қарөлшеуші бағдарының бақылаушысы Иосиф Фёдорович Клиновитский Мемлекеттік награда – «Ерең еңбегі үшін» медалін алды.

1947 жылы туған Иосиф Фёдорович Клиновитский Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының гидрология бөлімінің Қарақаба қарөлшеуші бағдарының  бақылаушысы лауазымында 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

И.Ф. Клиновитский ең күрделі учаскелердің бірінде – Марқакөл ауданы, Сорвенок ауылында қатынасы қиын станцияда жұмыс істейді, кез келген ауа райында белгіленген кесте бойынша ол қар жамылғысы жай-күйінің, температура, жел, бұлттылық сияқты метеобақылау көрсеткіштерін түсіреді және облыстық филиалға жібереді, онда деректер өңделіп, жалпыланады және гидрологиялық болжам жасалады. Тауларда қар өлшеу түсірілімдері өзен бассейндерінің таулы бөліктеріндегі қар қорын анықтау үшін жүргізіледі.

Жауапты және сонымен бірге өте күрделі жұмыс үздіксіз гидрометеорологиялық мониторингті қамтамасыз етеді.

«Қазгидромет» РМК басшылығы, ұжымы «Қазгидрометтің» дамуына қосқан үлесі мен күрделі жұмысы үшін алғыс білдіреді және Иосиф Фёдорович Клиновитскийді лайықты награда алуымен шын жүректен құттықтайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз