Каспий теңізі ішінара қатып қалатын теңіздерге жатады, бұл ретте теңіздің таяз солтүстік бөлігі (Қазақстанға тиесілі) жыл сайын қатып қалады. Теңіздің ортаңғы бөлігінде мұз жағалауларда тек қатты қыста пайда болады, теңіздің оңтүстік бөлігінде мұз болмайды.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,86 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,68 м төмендеп, минус 28,25 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,03 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,77 м дейін төмендеп, минус 28,35 м шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 10-18 желтоқсан аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 14 желтоқсандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.