Алексеевка ауылының жанындағы Ақмола облыстық агрономиялық ұйымының метеорологиялық пунктіндегі бақылау жұмыстары 1909 жылы басталды. 1909-1926 жылдары метеорологиялық станция агрономиялық пункт жанында жұмыс істеді. 1926-1932 жылдары жаңбыр өлшеуіш бекеті Алексеевка ауылының жұмысшы жастар мектебінде орналасқан. 1930 жылдан бастап метеорологиялық станция үзіліссіз жұмыс істейді. Станцияны ұйымдастыру кезінде метеоалаң агрономиялық пункттің тәжірибелік бақшасында орналасқан. 1934 жылы 28 шілдеде метеоалаң 1,5 км солтүстік-солтүстік-шығысқа Алексеевка ауылының оңтүстік-шығыс шетіне көшірілді.
Қазіргі уақытта метеостанция қала орталығында орналасқан. Айналасында бір қабатты ғимараттар орналасқан, 40 м қашықтықта асфальтталған жол, ал 200 м қашықтықта – теміржол орналасқан.
1998 жылдың 10 маусымына дейін Алексеевка станциясы деп аталды, сол жылы станция атауы Ақкөл деп өзгертілді.
Қолданыстағы біліктілігі бойынша 1932 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін II дәрежедегі метеостанция. Халықаралық алмасу станциясы, реперлік.
Станция атмосфералық құбылыстарға, ауа температурасы мен топырақ бетіне, ылғалдылыққа, атмосфералық қысымға, желдің бағыты мен жылдамдығына, метеорологиялық көріну қашықтығына, радиациялық фонның жай-күйіне бақылау жүргізеді. Қысқы уақытта қар жамылғысының жай-күйі мен биіктігін қадағалаймыз, далалық маршрут бойынша қар түсірілімін жүргіземіз, топырақтың қатып қалуын тіркейміз.