2013 жылы Финляндия метеорологиялық институты жүргізген бірлескен экономикалық зерттеулер Бағдарламасының ұсынымдары негізінде "Қазгидромет" РМК Қазақстан Республикасының қалалары мен елді мекендерінде атмосфералық ауадағы озон мөлшерінің мониторингісі бақылау желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.
Осылайша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласында алғаш рет мына мекен-жайлар бойынша орналасқан төрт автоматты бақылау бекеттерінде озон өлшенетін болады:
- Ахметов к-сі, 50, аэрологиялық станция (әуежай ауданы);
- Р. Зорге көшесі,14, Түрксіб ауданының АІІБ;
- Жанқожа батыр көшесі, 202, "Шаңырақ" шағын ауданы, №26 мектеп;
- Әл-Фараби даңғылы, Науаи көшесінің қиылысы, Орбита ш. а. ("Зеленстрой"АҚ дендропарк аумағы).
Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ауадағы озон концентрациясын бақылау Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Атырау, Тараз, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Петропавл, Түркістан, Павлодар, Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Бейнеу кентінде және "Бурабай"фондық мониторинг станциясында жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, озон бойынша көрсеткіштерді "AirKz" мобильді қосымшасына және "Қазгидромет"РМК интерактивті картасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.