EPA әлемдік картасында (атмосфераны қорғау агенттігі, АҚШ) ауа сапасы бойынша (https://waqi.info/ru/#/c/51.112/71.552/11.2z) онлайн режимде өлшеу датчиктеріндегі деректердің жаңартылуына байланысты (бірнеше минуттан бір сағатқа дейін) өзгеретін ластаушы заттардың нақты шоғырлануы мен AQI индексі көрсетіледі.
Шоғырланудың сандық мәндерінің өзгеруімен бірге ластану деңгейінің рейтингі де өзгереді, яғни 2021 жылғы 11 қаңтарда сағат 10 жағдай бойынша Қазақстан ауа сапасы бойынша 18-ші орында, одан әрі 2021 жылғы 11 қаңтарда сағат 11-де 38-ші орында болды.
Осылайша, бұл рейтинг аналитикалық емес, нақты уақыттағы нақты жағдай бойынша анықтамалық ақпараттық сипатта болады және күннің уақытына, жылдың маусымына, ауа райы жағдайларына және олардың ұзақтығына байланысты өзгереді. Бұл ақпаратты тұрғындар серуендеу, ашық ауада спортпен шұғылдану, ауаның жоғары ластануы жағдайында респираторларды кию қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін қолдана алады.
«Қазгидромет» РМК атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтауды уақыттың нақты сәтінде шоғырланудың бір ғана нақты мәні бойынша жүргізу жеткіліксіз екенін хабарлайды.
Қала ауасының ластануының сенімді деңгейін анықтау үшін тұрақты бақылау, ұзақ мерзімге ақпарат жинау қажет, барлық анықталатын параметрлерді ескеру қажет.
Аталған ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында «ҚР қоршаған ортасының жай-күйі туралы ақпараттық бюллетеньдерде» көрсетілген.