Қаңтар айының бірінші онкүндігінде еліміздің батысында күздік дақылдар егілетін аудандарда ауа температурасының ауытқуы минус 1°С-тан плюс 5°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фон нормадан 5-10°С-қа, кей жерлерде 12°С-қа (тау бөктері мен таулы аудандарда) төмен болды. Республикамыздың батысында жауған жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және одан жоғары болды, елдің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбінесе нормадан шамамен 1-2 мм төмен болды, таулы аймақтардың кей жерлерінде 8-11 мм құрады.
Алматы облысында күздік бидайы бар алқаптар тегіс қар жамылғысымен жабылған, алайда алқап бетінің 30%-на дейін желдің қарды ұшыруы салдарынан ашық қалды, бұл температураның төмендеуі кезінде күздік бидайға зақым келтіруі мүмкін.
Жамбыл облысының жеке аудандарында ұзақтығы 1 тәулікке дейін жылымық байқалды.
Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде биіктігі 12-29 см тұрақты қар жамылғысы байқалған, дегенмен, жекелеген учаскелерде онкүндік ішінде 15 м/с және одан да көп қатты жел байқалғандықтан қар жамылғысы ұшырылуы мүмкін. Күздік бидай алқаптарында қардың ұшырылуы өсімдіктердің қатып қалуына әкелуі мүмкін.
10 қаңтардағы мәліметтер бойынша, Батыс Қазақстан облысының, Алматы облысының және Ақтөбе облысының жеке ауданында шөптің өте нашар жағдайы байқалуы жалғасуда. Жайылымдық мал шаруашылығы бақылау пункттерінің басым бөлігінде жайылымдар орташа және әлсіз тапталған.
2021 жылдың қаңтар айының 1-ші онкүндігіне агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтемесі арқылы таныса аласыз.