2021 жылғы 21-26 қаңтарға арналған Каспий теңізі деңгейінің болжамы

IconЖарияланды 22.01.2021

Каспий теңізіндегі су деңгейі тұрақсыз. Соңғы 3000 жыл ішінде ол шамамен 15 метрге өзгерді. Бұл теңіздің солтүстік бөлігі қыста қатып, мұзбен жабылады.

«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,01 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,81 м төмендеп, минус 28,38 м шамасында болады деп күтілуде.

Қазгидрометтің теңіз станциялары мен бекеттерінің жедел деректері бойынша: Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Росгидромет (МГ Махачкала) Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні, оның терең су бөлігінде минус 28,34 м, ең жоғары - минус 28,03 м, ең төмен-минус 28,81 м белгісіне сәйкес келді. 

2021 жылғы 14-19 қаңтар аралығындағы Каспий теңізі су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы  2021 жылғы 5 қаңтардағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.

Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат  «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.

 

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз