Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі жұмысының негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік органдар мен халықты дүлей және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың туындау қатері туралы ескерту, сондай-ақ қысқа мерзімді ауа райы болжамдарын ұсыну болып табылады. Жұмысы үшін метеорологиялық ауа райы болжамдары бойынша деректер қажет халықты, министрліктерді, ведомстволарды, әкімдіктерді және басқа да мемлекеттік қызметтерді хабарландыру «Қазгидромет» РМК Гидрометорталық және оның облыстық филиалдары мамандарының міндетті қызмет аясына кіреді.
Қазақстанның әрбір облысында олардың саны 15-ке жетті. Өткен 2020 жылы апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болу қаупі туралы 47 дауылды ескерту және ауа райының қауіпті құбылыстары туралы 2249 ескерту шығарылды. Талдау бойынша бір тәулікке, екі-үш тәулікке арналған болжамдар 2020 жылы 92-97%-ға ақталды.
«Қазгидромет» РМК қазақстандықтарға жолдарда абай болуға, елді мекендерден тыс жерлерге шығар алдында дауылды ескертулер туралы ақпаратты назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Және мүмкіндігінше, желдің күшеюі және төмен температуралар туралы дауылды ауа райы жарияланған жағдайда таза ауадағы іс-шараларды тоқтатуға кеңес береді.