Каспий теңізі Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан және жергілікті климатқа айтарлықтай әсер етеді. Су деңгейінің тұрақсыздығына байланысты Каспий теңізінің пішіні үнемі өзгеріп отырады.
«Қазгидромет» РМК Каспий теңізі деңгейінің апта сайынғы болжамын жасайды. Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,94 м дейін көтеріліп, ең төменгі белгі минус 28,82 м дейін төмендеп, минус 28,28 м шамасында болады деп күтілуде.
Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-да Каспий теңізінің жағдайына бейімделген Дат гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану кезінде алынды. Есептеу кезінде теңіз деңгейін бақылау деректері және барикалық өрістің 24-120 сағатқа сандық болжамы қолданылды.
2021 жылғы 21-27 қаңтар аралығындағы Каспий теңізі су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2021 жылғы 25 қаңтардағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.