Түнде 12 наурызда Қарағанды және Ақмола облыстарда жаяу бұрқасын күтіледі. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман күтіледі. 13 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 12-13 наурызда аралығында ауа температурасының 7-12, кей жерлерде 16 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
13-14 наурызда Түркістан облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, 12 наурызда күндіз облыстың басым бөлігінде, 13-14 наурызда тәулік бойы кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда күндіз таулы аудандарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 13 наурызда күндіз ауа температурасының 16-21, кей жерлерде 6-11 градус жылыдан, 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.