БАҚ-та жарияланған Түркістан облысы аумағындағы Бадам өзенінде өлі балықтардың табылғандығы туралы ақпаратқа байланысты, 2021 жылғы 10 наурызда «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы кешенді зертханасының мамандары жоспардан тыс шығып, келесі 3 жерде су сынамаларын алды:
- №1 нүкте-Бадам өзені, балықтардың қырылу орнынан 0,5 км жоғары;
- №2 нүкте-Бадам өзені, балықтардың қырылу орны («Сауран» демалыс аймағы ауданында, Сайрам-су және Бадам өзендерінің қиылысында);
- №3 нүкте-Бадам өзені, балықтардың қырылу орнынан 0,5 км төмен;
Су сапасына талдау 31 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі, оның ішінде басты иондар, биогенді заттар, органикалық және бейорганикалық заттар, ауыр металдар.
Бадам өзені суының температурасы 11,5-13,0 ºC шегінде, сутектік көрсеткіш 7,72-7,86, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 10,46-12,42 мг/дм3, мөлдірлігі – 11-25 см, табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ, суы лайланған.
Талдау нәтижелері бойынша су сапасының бірыңғай жіктемесінің «жақсы сапа» 3-сыныбының нормасынан асып кеткені тіркелді: магний бойынша - 75,6-109,2 мг/дм3 (2,5 – 3,6 есе), сульфаттар бойынша-384,2-422,6 мг/дм3(1,1 – 1,2 есе), фенолдар бойынша-0,002 мг/дм3 (2 есе).
Негізінен сапа нормативтерінің асып кетуі 2 және 3 «балықтардың қырылу орны және балықтардың қырылу орнынан төмен» нүктелерде тіркелді.
Жалпы, судың сапасы «5 сыныптан жоғары» деп сипатталады (суды пайдаланудың барлық түрлеріне жарамайды).
Қазіргі уақытта ОБТ5 талдау жүргізілуде, оның нәтижелері қосымша ұсынылатын болады.