Ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер секторын Ырықтандыру жоспарын іске асыру бойынша жауапты тараптардың бірі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.
Қазіргі уақытта Ырықтандыру жоспарын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізілді.
2021 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жаңа редакцияда қабылданды. Онда мемлекеттік емес метеорологиялық ақпарат дайындаушылардың қызметі және мемлекеттік монополияға жатқызылған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қызметі реттеледі.
Бұл өзгерістердің жаңалықтары:
- республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының мүддесі үшін орындалатын гидрологиялық, метеорологиялық мониторинг және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің міндетті қызметін бекіту;
- мемлекеттік емес қызмет көрсету секторын ұйымдастыру және метеорологиялық қызметті бақылауды жүзеге асыру үшін құқықтық жағдайлар жасау;
- метеорологиялық ақпаратты өндіру саласындағы мемлекеттік емес субъектілердің қызметін жүзеге асыру үшін хабарлама тәртібін енгізу болып табылады.
ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын іске асыру үшін ағымдағы жылы заңға тәуелді актілер, Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат ұсыну қағидалары және метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары қабылдануы тиіс.