Наурыздың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында, күздік дақылдарды өсіру аудандарында температуралық фон нормадан жоғары болды, жауын-шашын негізінен нормадан көп түсті.
Түркістан облысындағы бақыланатын учаскелерде күздік дақылдардың вегетациялық жаңаруы байқалады. Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар өткен онкүндікте биіктігі 22-ден 34 см-ге дейін қар жамылғысының астында болды және байқалған аяздар (минус 16... 200С) өсімдіктер үшін қауіпті болған жоқ.
Наурыздың бірінші онкүндігінде барлық жерде жайылымдық мал шаруашылығын бақылау пункттері бойынша мал жайылды. Қостанай және Қарағанды облыстарында малдарды қорада ұстау жалғасуда.
Мал азығын қыстау базаларына жеткізу Маңғыстау, Қызылқоға және Алматы облыстарында жалғасуда.
Өткен онкүндікте республиканың батысында 7 күн бойы жылымық байқалды. Жайылымдардағы көктайғақ құбылыстары Қарағанды облысында бір тәулік бойы байқалды.
Ауа температурасының ауытқуына байланысты (күндіз ауа температурасы плюс 2-3°С-қа дейін көтерілген) Батыс Қазақстан облысының жайылымдарында мұз қабығы 8 тәулік бойы, Атырау облысында мұз қабығы 1 тәулік бойы байқалды.
2021 жылғы наурыздың 1-ші онкүндігіне агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтемесі арқылы өтіп, таныса аласыз.