Наурыздың екінші онкүндігінде күздік дақылдарды өсіру аудандарында температуралық фон нормадан төмен болды: республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 1...70С, батысында 2...60С. Жауын-шашын барлық жерде түсті, оңтүстік өңірлерде онкүндік нормадан асып кетті, елдің батысында нормаға жуық болды.
Түркістан облысында бақыланатын учаскелерде күздік дақылдардың вегетациялық жаңаруы байқалады. Күздік бидайдың жағдайы барлық жерде жақсы.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының біршама жоғарылауы және биіктігі 25-32 см қар жамылғысының болуы байқалды, бұл күздік дәнді дақылдардың қыстап шығуының қалыпты өтуіне ықпал етті.
Алматы облысында күздік бидайдың түптеу торабының тереңдігінде (3 см) топырақтың ең төменгі температурасы 00С-тан минус 60С-қа дейін (Қырғызсай МС), Жамбыл облысында 00С-тен және Түркістан облысында 00С-тан плюс 10С-қа дейін (Шымкент МС) құрады.
Наурыздың екінші онкүндігінде барлық жерде жайылымдық мал шаруашылығын бақылау пункттері бойынша мал жаю жүргізілді. Мал азығын қыстау базаларына жеткізу жалғасуда.
Өткен онкүндікте республиканың батысында 6 күн бойы жылымық байқалды.
2021 жылғы наурыздың 2-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.