Бүгін 2021 жылдың 31 наурызында «Росгидрометтің 2020 жылғы қызметі және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» Росгидромет алқасының қорытынды отырысы өтті. Отырыс он-лайн режимінде өтті.
Отырыста Ресей Федерациясы Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Руслан Сайд-Хусайнович Эдельгериевтің, Росгидромет басшысы Игорь Анатольевич Шумаковтың, Ресей гидрометеорологиялық қоғамының Президенті, ДМҰ Құрметті Президенті Александр Иванович Бедрицкийдің баяндамалары тыңдалды
Халықаралық гидрометеорологиялық қызметтер өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Қизатқызы Алимбаева, Армения Республикасы Қоршаған орта министрлігінің «Гидрометеорология және мониторинг орталығы» МКЕҰ директорының міндетін атқарушы Левон Ваноевич Азизян, Молдова Республикасы Ауыл шаруашылығы, өңірлік даму және қоршаған орта министрлігінің Мемлекеттік гидрометеорологиялық қызметі директорының орынбасары Михаил Григораш, Беларусь Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Гидрометеорология, радиоактивті ластануды бақылау және қоршаған орта мониторингі жөніндегі республикалық орталық» Бас басқармасының басшысы Александр Валерьевич Ковальчук және көршілес мемлекеттердің басқа да өкілдері сөз сөйледі.
Данара Қизатқызы екі жақты Келісім аясында 1992 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Қазгидромет пен Росгидромет арасындағы жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, трансшекаралық сулардың, әсіресе Жайық (Орал) өзені бассейніндегі және т.б. жай-күйіне жұмысты күшейтуді ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Росгидромет басшысы И.А. Шумаковтың баяндамасы талқыланды, 2020 жылғы қызмет қорытындылары шығарылып, 2021 жылға арналған жоспарлар белгіленді.