Климаттық мәліметтер бойынша сәуір айы Қазақстанның барлық аумағында көктемнің басталатын уақыты. Сәуірде күн ұзарып, көкжиектен жоғары көтеріліп, одан әрі жылу жиналады. Ауаның орташа тәуліктік температурасының 0°C арқылы оң мәндерге тұрақты ауысуы республиканың солтүстігінде бірінші онкүндікте басталады, үшінші онкүндікте бұл аудандардағы орташа тәуліктік температура +5°С арқылы өтеді. Қазақстанның оңтүстігінде бірінші онкүндікте ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С арқылы өтеді. Кейбір жылдары 2-3 аптаға, ерте және кеш кезеңдерге ауысулар болуы мүмкін.
Сәуір наурыз айымен салыстырғанда жауын-шашынның көбеюімен тән. Қазақстан аумақтарының көп бөлігінде жауын-шашын 15-30 мм, шығысында кей жерлерде 50-90 мм, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының тау бөктеріндегі және таулы аймақтарында 100-150 мм түседі. Кейбір жылдары жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәндерден 4-5 есе асып кетуі мүмкін.
Найзағай бүкіл Қазақстан бойынша, тұман - көбінесе Қазақстанның солтүстік жартысында байқалады.
Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылдың сәуір айында Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың шығуымен республиканың батысы мен солтүстік жартысында ауа-райының тұрақсыз сипаты басым болады. Жауын-шашын (көбіне жаңбыр түрінде), Қазақстанның солтүстігінде және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс таулы аудандарында аралас жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болуы ықтимал. Жел 15-20 м/с, кей күндері екпіні 23-28 м/с күтілуде (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен), республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың барлық аумағында жауын-шашын, тұман және көктайғақ құбылыстары тұрақсыз ауа райы болжанады. Бірінші онкүндікте түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
батыста түнде +2+7°С-қа дейін, күндіз +5+15°С- қа дейін;
солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде -5-15°С-тан -2+3°С-қа дейін, күндіз +2+10°С-қа дейін, орталықта және шығыста кей жерлерде +13°С-қа дейін;
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде 0,-8°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-тан +10+23°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі температураның төмендеуі болжанады.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен температура фоны көтерілуі мүмкін:
Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз +15+25°С- қа дейін;
Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарында және батысында +20+30°С- қа дейін.
Алайда, суық ауа райының қайтуы және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде Ресей аумағынан суық ауа массаларының енуіне байланысты термометр бағандары түнде 0,-9°С- қа дейін, күндіз +3+8°С- қа дейін, еліміздің оңтүстік өңірлері мен батысында түнде -5+7°С- қа дейін, күндіз +10+17°С- қа дейін төмендеуі мүмкін.
Ескертпе: бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.