Станция 1915 жылы Түлкібас темір жол станциясына қарасты ауылда ашылды. Содан бері станцияның жұмысында тек екі рет қана үзіліс болды. Ол 1916 және 1921 жылдары еді. Ал 1925 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мұнда үздіксіз бақылаулар жүргізіліп келеді. Сонымен бірге метеостанцияның орны да бірнеше рет ауысты. Атап айтқанда, ол 1931 жылы тамызда, 1935 жылы мамырда, 1937 және 1940 жылдары көшірілді. Соңғы трансфер 1958 жылы болды.
Станция әрқашан II санат бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. 1942 жылы станцияда ауыр тақтасы бар флюгер, ал 1953 жылы қарашада Третьяковтың жауын-шашын өлшегіші орнатылды.
1915 жылы метеоалаң теміржол вокзалынан шығысқа қарай 500 м жерде орналасқан еді. 1931 жылы тамызда ол теміржол вокзалына жақын батысқа көшірілді. 1935 жылы қайтадан вокзал маңындағы ауылдың шетіне ауыстырылды. Ал 1977 жылы станция Түлкібас ауылынан Ванновка ауылына көшірілді. 1993 жылы 7 қазанда оған Тұрар Рысқұловтың аты берілді.
Жалпы Оңтүстік Қазақстанда 20 метеорологиялық станция жұмыс істейді десек, оның үшеуінің ғасырлық тарихы бар. Олар: Түркістан СШ – 139 жыл, Тасырақ СШ – 115 жыл және Тұрар Рысқұлов СШ – 106 жыл.