Қазақстанның оңтүстік облыстарында өткен онкүндікте күздік дәнді дақылдар белсенді өсіп жатты, күздік бидайдың жылумен қамтамасыз етілуі жеткілікті болды (онкүндікте орташа ауа температурасы шамамен 12°С болды).
Алматы облысындағы бақыланатын учаскелерде күздік бидайдың даму кезеңі: 3-ші жапырақ – түйінек тамырлардың пайда болуы, Сарқанд МС маңында-көктеу, жекелеген аудандарда күзде жақсы дамыған өсімдіктерде (Қырғызсай МС) сабақтың өсуі басталды («түтікке шығу» кезеңі белгіленді). Өсімдіктердің жай-күйі барлық жерде жақсы және өте жақсы, Аққайнар МС айналасында арамшөп өсімдіктерінің пайда болуы байқалады.
Жамбыл облысында күздік бидайдың бақылау учаскелерінде негізінен жапырақтың түзілуі («үшінші жапырақ» кезеңі белгіленген) және түптену жалғасуда, Асса АМП маңайында – көктеу, күздік бидайдың жай-күйі барлық жерде өте жақсы.
Түркістан облысының көптеген аудандарындағы күздік бидайдың бақылау учаскелерінде негізгі кезең: 3-ші жапырақ, Қазығұрт МС маңында – түптену байқалады. Күздік бидайдың жай-күйі негізінен жақсы, Екпінді АМП айналасындағы егістер қанағаттанарлық.
Еліміздің оңтүстік облыстарында жауған жауын-шашын топырақтағы ылғал қорының ұлғаюына ықпал етті, бірақ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді біршама тежеді. Республиканың батысында, шығысында және орталығында ауа температурасының жоғарылауы алқаптарда қардың еруін тездетті, ал солтүстік облыстарда алқаптар әлі де қар жамылғысынан арылған жоқ.
2021 жылғы сәуірдің 1-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.