«Қазгидромет» РМК 2015 жылғы 18 қаңтардағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Қазгидромет» РМК мен оның филиалдарында (бұдан әрі - Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделер қақтығысына жол бермеу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, іскерлік этика нормаларын сақтау және корпоративтік басқарудың барлық деңгейлерінде байқалған сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің көріністеріне ымырасыздық таныту қарым-қатынасын ұстана келе, Сізге келесіні хабарлайды:
1. ТМҚ жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды жүргізу мәселелері бойынша кез келген өтініштер қағаз және/немесе электрондық нұсқадағы жазбаша өтініш арқылы пошталық мекенжайларға немесе кәсіпорын кеңселерінің электрондық мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ресми байланыстар www.kazhydromet.kz сайтында, «Байланыстар» қосымшасында бар.
2. Телефон арқылы байланыс жоғарыда аталған «Байланыстар» қосымшасында көрсетілген қызметтік нөмірлер бойынша ғана жүзеге асырылады.
3. Жеткізушінің бастамасы бойынша кездесуді ұйымдастыру қажет болған жағдайда, талқыланатын мәселенің тақырыбын, кездесуді өткізудің қалаулы орны мен уақытын көрсете отырып, кәсіпорынның бірінші басшысының және/немесе оны алмастыратын тұлғаның немесе филиалдың атына тиісті хат жіберіледі. Кәсіпорынның және/немесе филиалдың бірінші басшысы және/немесе оны алмастыратын адам формат, орын және талқылауға жоспарланған тақырып қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес келген жағдайда оң шешім, сәйкес келмеген жағдайда Сұралатын жеке немесе заңды тұлғаға жазбаша жауап бере отырып, кездесу өткізу туралы теріс шешім қабылдайды.
«Казгидромет» РМК
комплаенс қызметінің маманы
Н. Шияп