Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
«Қазгидромет» РМК жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және NASA спутниктерінің өңделген суреттері бойынша Қазақстан аумағының қармен қамту алаңы 2020 жылдың 12-19 наурызы аралығында 51 %-дан 43 %-ға дейін қысқарған.
Апталық синоптикалық болжамға сәйкес, еліміздің басым аумағында күндізгі және түнгі ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, сондай-ақ аралас жауын-шашынның түсуі байқалатын болады.
Қазақстанның таулы аймақтары мен жазық өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және мұздық құбылыстардың әлсіреуі, әрі қарай қардың еруі күтіледі.
Ағымдағы жылдың 12-19 наурыз аралығында ылғал қорының көлемі:
- Қарағанды облысының өзен бассейндерінде 25-45 %-ға;
- Ақмола облысының өзен бассейндерінде 15-45 %-ға;
-Солтүстік Қазақстан облысының өзен бассейндерінде 15 %-ға;
- Қостанай және Ақтөбе облыстарының өзен бассейндерінде 45-95 %-ға азайған.
Батыс Қазақстан облысының өзен бассейндерінде қар жамылғысы толығымен ерiдi.
ЖҚЗ суреттерінің мәліметтері бойынша 12-19 наурыз аралығында аумақты қармен қамту алаңы:
* Жамбыл облысы 3 %-дан 1 %-ға дейін қысқарған;
* Түркістан облысы 4 %-дан 3 %-ға дейін қысқарған;
* Алматы облысы 25 %-дан 20 %-ға дейін қысқарған;
* Шығыс Қазақстан облысында 94 %-дан 84 %-ға дейін қысқарған.