2021 жылдың сәуір айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 24.04.2021

Сәуірдің екінші онкүндігінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында күздік бидай өсірілетін аудандарда қалыптасқан жылы, жауын-шашынды ауа райы өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін қолайлы болды.

Алматы облысының бақылау учаскелерінде күздік бидай егістіктерінің жағдайы өте жақсы және жақсы, Аққайнар МС маңайындағы егістіктерде арамшөп өсімдіктерінің пайда болуы байқалған. Даму кезеңі: 3– ші жапырақ-түтікке шығу (сабақтану).

Жамбыл облысының бақылау учаскелерінде күздік бидай егістігінің жағдайы өте жақсы және жақсы. Даму кезеңі: 3 – ші жапырақ-түтікке шығу (сабақтану).

Түркістан облысының бақылау учаскелерінде күздік бидай егістігінің жағдайы көбінесе жақсы, Екпінді АМБ маңайында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: түйінек тамырлардың пайда болуы– сабақтану.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында байқалған жауын-шашынмен жылы ауа райы, жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуы үшін қолайлы болды. Алайда, өткен жауын-шашын көктемгі дала жұмыстарының аяқталуын біршама тежеген.

2021 жылғы сәуірдің 2-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз